Парасатты мән-мағынаны іздеу жолында. Қазақстанға қандай жыныстық сауат ашу жүйесі қажет?

Қазіргі жастардың мінез-құлқының «жүгенсіздігі» жайлы шексіз дауласуға, жасөспірімдердің бір-біріне, өзінің өзгеріп келе жатқан тәніне, тәжірибе арқылы әлемді зерделеу мен тануына деген табиғи қызығушылығын жоққа шығаруға болады. Бірақ жасөспірімдердің есею құқын қабылдамауға болмайды, ал біздің қоғам ретіндегі жауапкершілігіміз — оларға мұны өзіне қатысты аз шығынмен жасауға көмектесу. Iс жастардың адамгершілік тұрғысынан құлдырауында емес, осыған қатысты білімнің жоқтығында. Осы зерттеуде біз жасөспірімдер мен ата-аналардың білімдеріндегі олқылықтарды зерделедік, олардың жыныстық сауат ашуға қатысты қауіптері мен қажеттіліктерін білдік. Жыныстық сауат ашуға деген мұқтаждық жасөспірімдерде де, ата-аналарда да бар. Мектепте оқыту аясында жыныстық сауат ашу қажеттілігі бұрыннан пісіп-жетіліп, оны жүзеге асырудың уақыты келді.

Сондай-ақ оқитындарыңыз
ЖІБЕРІЛІМ
© 2018-2019 UYATEMES.KZ